direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Менеджмен жүйелерін сертификаттау

Менеджмент жүйелерін сертификаттау – бұл Ұйымның басқару жүйесінің белгілі стандарт талаптарына сәйкестік дәрежесін растау рәсімі.
«Жаңабет» фирмасы» ЖШС өз құрамында Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген Менеджмен жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы  бар. «Жаңабет» фирмасы» ЖШС МЖ СРО мамандарының тексерілетін стандарттарға сәйкестігіне аудит жүргізу саласында қажетті тәжірибесі, біліктілігі мен даярлығы бар.

Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау мыналарды қамтиды:

1. сертификаттауға өтінім беру;
2. сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын талдау;
3. сапа менеджменті жүйесінің аудиті;
4. аудит нәтижелерін қарау және сертификат беру туралы шешім қабылдау;
5. сертификатталған сапа менеджменті жүйесін инспекциялық бақылау;

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға үміттенген ұйым тиісті аккредитеу саласы бар сертификаттау жөніндегі органға өтінімін, бастапқы ақпаратын, сауалнама парағын, сапа жөніндегі нұсқаулықты, сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын жолдайды. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттар құрамын менеджмент жүйелерін растау жөніндегі бөлім айқындайды.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімі сәйкестік сертификаты қолданатын күллі мерзім ішінде ұйымның сертификатталатын сапа менеджменті жүйесіне жоспарлы және жоспардан тыс инспекциялық бақылауды жүзеге асырады.  Жоспарлы инспекциялық бақылау жүргізудің мерзімділігін «Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімі сертификатталған сапа менеджменті жүйелерін инспекциялық бақылау бағдарламасына сәйкес айқындайды, бірақ кем дегенде жылына бір рет жүргізеді..

Жоспардан тыс инспекциялық бақылау мына жағдайларда Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімі басшысының шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін:
– өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне шағым білдіру туралы негізді ақпарат келіп түскен кезде;
– сапа менеджменті жүйесінің құжаттарына, конструкторлық және технологиялық құжаттамаға, ұйымның ұйымдастыру құрылымына маңызды өзгерістер және дайындалатын өнімнің сапа деңгейінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да өзгерістер енгізілген кезде.

Инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі сапа менеджменті жүйесін сертификаттау тәртібіне ұқсас. Инспекциялық бақылау жүргізу кезінде мыналар есепке алынады:
– ұйымның ұйымдастыру құрылымындағы өзгерістер;
– құжатталған сапа менеджменті жүйесіндегі өзгерістер;
– сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудит нәтижелері;
– түзету және алдын алу іс-қимылдарының мәртебесі мен тиімділігі;
– сәйкестік сертификатын қолданудың дұрыстығы;
– шағымдар мен рекламациялар жөніндегі іс-қимылдар;
– сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін бағалау;
– сапа менеджменті жүйесін жақсарту.

Қажетті құжаттар:
Менеджмент жүйелерін сертификаттауға өтінім (жүктеу)
Шарт (жүктеу)
Менеджмент жүйелерін сертификаттау кезінде қажетті құжаттар тізбесі (жүктеу)
Бағалау парағы (жүктеу)

Please publish modules in offcanvas position.