direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Құрылыстық зертхана

Соңғы жылдары әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар салу жоғары қарқынмен жүргізілуде. Бір жағынан бұл факт нарықта жаңа материалдар мен технологиялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Практика көрсетіп отырғандай, кез келген жаңалықты аса сақтықпен қолданған жөн. Осы принципке сүйене отырып, біздің Құрылыстық зертханамыз нақты жобада қолдану үшін қандай да бір материалдың сенімділігі мен жарамдылығын айқындауға көмектеседі.

Біздің мамандар құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынақтан өткізу, сынамаларды іріктеп алу және нәтижелерді талдау арқылы құрылыс объектілерін зертханалық сүйемелдеу бойынша барлық жұмыстар мен қызметтер кешенін орындауға дайын.

Құрылыстық зертхана сынақтар, оның ішінде құрылыс материалдарының мынадай түрлеріне сертификаттау сынақтарын өткізеді:
• Қабырға материалдары;
• Әрлеу материалдары;
• Жол жабындары материалдар;
• Жылу және су өткізбейтін материалдар;
• Әрлеу, лак-бояу және полимерлік материалдар;
• Қабырғалар мен едендерді қаптау материалдары;
• Керамикалық бұйымдар;
• Шыны және шыны пакеттер;
• Металл және полимерлік құбырлар;
• Бетон қоспалары және одан дайындалатын бұйымдар;
• Жеңіл және ұяшықты бетондар, олардан дайындалатын бұйымдар;
• Құрғақ құрылыс қоспалары;
• Құрылыстық ерітінділер;
• Қара және түсті металдардан жасалатын бұйымдар;
• Ағаш құрылыстық бұйымдар, фанера, ағаш жоңқалы тақтайлар;
• Жиһаз;
• Керамикадан, металдар мен полимерлерден дайындалған санитариялық-техникалық бұйымдар;
• Ыдыстар және шаруашылық тұрмыс тауарлары;
• Ағаш және ағаш материалдарынан дайындалған бұйымдардағы радионуклидтердің меншікті белсенділігін айқындау;
• Құрылыс материалдары мен бұйымдарындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімділігін айқындау;
• Материалдарды механикалық сынақтан өткізу.

Құрылыс материалдарын зертханалық сынақтан өткізу тәртібі
1. Үлгілерді іріктеп алу
2. Сынақтар өткізу
3. Алынған нәтижелерді талдау
4. Сынақ өткізу хаттамаларын рәсімдеу

Қажетті құжаттар:
Өтінім, үлгілерді қабылдау актісі (жүктеу)
Шарт (жүктеу)

Please publish modules in offcanvas position.