direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО көрсетілетін қызметтерді растау саласында сәйкестікті растау рәсімін өткізеді:
- автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

Көрсетілетін қызметтерді сертификаттау тәртібі

Жалпы жағдайда көрсетілетін қызметтерді сертификаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) Сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификаттауға өтінім беру;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау;
3) сертификаттау схемасын таңдау;
4) Сәйкестікті растау жөніндегі орган мен өтінім беруші арасында сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу шартын рәсімдеу;
5) көрсетілетін қызметтерді сынақтан өткізу (тексеру) және (немесе) қызметтер көрсету процесін, орындаушының шеберлігін бағалау, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау;
6) алынған нәтижелерді талдау және сертификат беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
7) берілген сертификаттарды тізілімге тіркеу;
8) сертификаттар беру;
9) сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау жүргізу.

Қажетті құжаттар:
- Өтінім (жүктеу);
- Шарт (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.