direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Сынақ орталығы «Жаңабет» фирмасы» ЖШС құрылымында құрылыс материалдарын, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау өнімдерін, отын шикізатын, теміржол, электротехникалық және кабельді өнімдерді және басқа да материалдарды сынақтан өткізу үшін дербес бөлімше ретінде құрылған. Өнімдерді сынақтан өткізу – аталған өнімнің заңнамалық актілер, стандарттар, техникалық регламенттердің немесе шарттардың, нормалардың, қағидалардың талаптарына сәйкестігін растаудың қажетті рәсімі болып табылады. Қандай да бір өнімге сәйкестік сертификатын немесе декларациясын алу үшін осы өнімді сертификаттау сынақтарын өткізу және сынақ өткізу хаттамаларын алу қажет. Сынақ өткізу хаттамасы – бұл аккредиттелген зертхана/орталық берген өнімді сынақ нәтижелерінен тұратын ресми құжат. Сынақ өткізу хаттамасы өнімді сертификаттау кезінде міндетті құжат болып табылады.

Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығы заманауи жабдықтармен және ең жаңа өлшеу құралдарымен жабдықталған, бұл әртүрлі материалдар мен өнімдерді озыө техникалық деңгейде, жоғары сынау, өлшеу және нәтижелерді бағалау дәлдігінің жоғары дәрежесімен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әртүрлі бұйымдар мене материалдарға қойылатын тұрақты артып келе жатқан талаптар, өндірілетін және жеткізілетін өнім сапасының нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу қажеттілігі «Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығының құрылымында физико-механикалық зертхана…
Химиялық және экологиялық зертханалар зертханалық сынақтардың мынадай түрлерін өткізеді:   • қара және түсті металдар;• мұнай өнімдері және майлау материалдары;• бейорганикалық материалдар;• парфюмерлік-косметикалық өнімдер;• тұрмыстық химия тауарлары;• жұмыс аймағындағы ауаны…
Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі болып табылады және экономикада елеулі орын алады. Қазіргі бәсекелестік жағдайында өндірушілер тұтынушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өз қнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға…
Электротехникалық зертхана зертханалық сынақтардың мынадай түрлерін өткізеді: 1. Электр аппараттары мен тұрмыстық мақсаттағы құралдар: • тамақ дайындау мен сақтауға және асүйдегі жұмыстарды механикаландыруға арналған;• төсек-орын, киімдер мен аяқ киімдерді өңдеуге…
Соңғы жылдары әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар салу жоғары қарқынмен жүргізілуде. Бір жағынан бұл факт нарықта жаңа материалдар мен технологиялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Практика көрсетіп отырғандай, кез келген жаңалықты аса…

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығымен жұмыс істеудің 7 себебі

1. ҚР СТ ISO/ IEC 17025 «Сынақ және іріктеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына толық сәйкес келеді, бұл автоматты түрде енгізілген сапа менеджменті жүйесінің болуына кепілдік береді және сынақ жүргізу нәтижелерінің дәлдігі мен қайта жүргізілуінің кепілі болып табылады.

2. Аккредиттеудің кең саласы. «Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығы оның қызмет саласына сәйкес әртүрлі материалдар мен өнімдерге зертханалық сынақтар жүргізе алады.

3. Саналы бағалар.

4. Құрылыс объектілерінің зертханалық сүйемелденуін қамтамасыз етеміз. Қажет болған кезде, сынақ жүргізу үшін, тікелей жаңа құрылыс орнында сынамаларды іріктеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу немесе реконструкциялау, жодар салу үшін объектілерге барамыз.

5. Зертханалық сынақ нәтижелерінің уақтылы берілуіне кепілдік береміз, бұл шартта көзделген.

6. Сынақ орталығы соңғы үлгідегі техникмен жабдықталған. Сынақ жүргізу, өлшеу процестері және нәтижелерді бағалау барынша автоматтандырылған. Барлық жабдық уақтылы тексеруден өтеді.

7. Көпжылдық тәжірибесі бар мамандар. Барлық қызметкерлер өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады, салалық семинарлар мен конференцияларға қатысады. Сынақ орталығының мамандары бұзылмайтын бақылау әдісі бойынша бірінші және екінші біліктілік деңгейлеріне аттестатталған. Бұл бізге әртүрлі өнімдер мен жабдықтарға жоғары техникалық деңгейде, сынақ жүргізу, өлшеу және нәтижелерді бағалау процестерін автоматтандырудың жоғары деңгейінде электрлі, климаттық, механикалық, температуралық, арнайы және басқа да сертификатталған сынақтар жүргізудің кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік береді.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығын таңдаңыз, сонда Сіз көп уақытыңызды үнемдеп, қызметтердің жоғары сапасы мен кепілдендірілген нәтижеге қол жеткізесіз

Please publish modules in offcanvas position.