direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Кедендік одақ

Өнімнің сәйкестік сертификаты/Кедендік одақтың Техникалық регламентіне (КО ТР) сәйкестігі туралы декларация — бұл Кедендік одақ елдерінің – Қазақстан, Белоруссия және Ресейдің аумағында, 2014 жылғы қазан айынан бастап – Арменияның, ал 2015 жылғы мамырдан бастап – Қырғызстан аумағында сәйкестікті растаудың міндетті құжаты.

Бірыңғай құжаттар берумен Кедендік одақ шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізілген өнімге, өнім берушінің таңдауы бойынша сәйкестік сертификаттары беріледі және бірыңғай нысандар бойынша сәйкестік туралы декларациялар және/немесе Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес сәйкестік туралы декларациялар рәсімделеді.

Сәйкестік сертификаты/Кедендік одақтың сәйкестік туралы декларациясы Кедендік одақ елдерінің аумағында тауарлардың айналымына рұқсат беру үшін талап етіледі және аталған тауардың сапасы Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің қабылданған нормаларына сәйкес келетіндігін көрсетеді.  Бұл құжат өнімнің Кедендік одақтың Техникалық регламенттеріне – Кедендік одақтың күллі аумағында тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына барабар талаптар белгілейтін нормативтік актілердің ережелеріне сәйкестігіне кепілдік береді, бұл олардың КО елдерінің ішінде кедергісіз айналымын қамтамасыз етеді.

Сәйкестік сертификаты/Кедендік одақтың Техникалық регламентінің сәйкестік туралы декларациясы КО елдерінде өндірілген тауаларға да, сондай-ақ шетелдік өндірушілердің тауарларына да рәсімделуі мүмкін.

Шетелдік өнімдерге және КО өнімдеріне қойылатын талаптар бірдей, сондай-ақ сертификаттау схемалары да сәйкес келеді.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Кедендік одақтың Бірыңғай тізіліміне енгізілген және өз қызметінде берілген сертификаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы ереженің және бірыңғай нысан бойынша рәсімделген тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың талаптарын басшылыққа алады. Сәйкестікті растау жөніндегі орган Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес ерікті және міндетті сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетеді:

- КО ТР 001/2011 «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 002/2011 «Жылдамдығы жоғары теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 003/2011 «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 005/2011 «Буып-түю қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 010/2011 «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 013/2011 «Автомобиль және авиациялық жанармайға, дизельді және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қойылатын талаптар туралы»;
- КО ТР 014/2011 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 019/2011 «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» - декларациялау бөлігінде;
- КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагнитті үйлесімділігі» - сертификаттау бөлігінде;
- КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;  
- КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»;
- КО ТР 032/2013 "Шамадан көп қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі тура-лы"

Кедендік одақтың жаңа техникалық регламенттері күшіне енуіне қарай «Жаңабет» фирмасы» ЖШС қызмет көрсету аясы да кеңейе бермек.

Кедендік одақтың сертификатын қалай рәсімдеуге болады

Сертификатты/КО ТР сәйкестік туралы декларациясын рәсімдеуге тек КО аумағында аккредиттелген сынақ зертханасы берген сыеақ жүргізу хаттамасы негізінде ғана жол беріледі. Мұндай зертхана (сынақ орталығы) және сертификаттау (сәйкестікті растау) органдары міндетті түрде Кедендік одақтың СО және СЗ бірыңғай тізіліміне енгізілуі тиіс. Сәйкестік сертификаты/ КО ТР сәйкестік туралы декларациясы аккредиттелген сертификаттау (сәйкестікті растау) органында нақты регламентке беріле алады, «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО сондай орган болып табылады.
Сәйкестік сертификаты/Кедендік одақтың Техникалық регламентінің сәйкестік туралы декларациясы әрекет ететін мерзімдер өнім түрімен және таңдап алынған сертификаттау схемасымен айқындалады.

Кедендік одақтың сәйкестік сертификаты/сәйкестік туралы декларациясы не береді

КО елдерінің аумағына жеткізудің жекелеген құжаттарын рәсімдеу қажеттілігінің болмауы сөзсіз артықшылық болып табылады. Егер де өнімнің сапасын растауы болмаса, ол автоматты түрде аса төмен бағалық санатқа өтеді, демек, даму мүмкіндігін жоғалтады. Және де Кедендік одақты құру мақсаты да сапасыз тауар айналымын мейлінше қысқартуда болып отыр.

Егер ішкі өндіріс өніміне немесе импорттық өнімге КО Техникалық регламенті әлі қабылданбаса, ол нарыққа алғаш рет түскен кезде сапаны бақылау КО мүше елдердің нормативтері негізінде жүргізіледі. Алайда ұлттық стандарттар негізінде берілген рұқсат құжаттарының қолданысы рұқсат құжатын берген мемлекеттің аумағымен шектелетінін ұмытпаған жөн.

Ұлттық сәйкестік сертификатының немесе КО ТР Сәйкестік сертификатының/Сәйкестік туралы декларациясынң болуы өнімді Қазақстанның немесе КО елдерінің шекарасы арқылы алып өту кезінде міндетті талап болып табылады, оларды өнімді жеткізе бастағанға дейін алу қажет. Мұны жүзеге асыру үшін, өнім өндіруші немесе импорттаушы ұлттық сертификаттау жүйесінде аккредиттелген және КО сертификаттау орталықтарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Сертификаттау (сәйкестікті растау) органына жүгінуі қажет. Одан кейін өтінім беруші Сәйкестікті растау жөніндегі орган маманының көмегімен сертификаттауды жүргізу үшін талап етілетін құжаттама құрамын айқындайтын сертификаттау схемасын таңдайды.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО-на барынша қысқа мерзімдерде өтініш білдіре отырып, Сіз Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Армения, ал 2015 жылдың мамырынан бастап Қырғызстан аумағында тауар айналымын кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құжаттың иесі бола аласыз.

Қажетті құжаттар:
- Өтінім (жүктеу);
- Шарт (жүктеу);

Өтінім берушілер үшін сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі қысқаша ақпарат

Кедендік одақта өнімді сертификаттау схемалары (жүктеу);
Кедендік одақта декларациялау схемалары (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.