direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Өнімдер топтамасын сертификаттау

Өнімдер топтамасына сәйкестік сертификатын мына жағдайларда алу қажет:
- өнімдер топтамасын ҚР аумағына әкелген кезде;
- шығарылған өнімді сертификаттау кезінде;

Өтінім берушіде оның сапасын растайтын өнім топтамасына арналған құжаттары болмаған кезде, сертификаттау 7-схема бойынша, яғни, аккредиттелген зертханада зертханалық сынақтар өткізу арқылы жүргізіледі.

Импорттық өнім топтамасын 7-схема бойынша сертификаттау кезінде өтініммен бірге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- келісімшарт, жүкқұжат немесе шот-фактура;
- жүктің кедендік декларациясы;
- өнімнің (тауардың) шыққан жері туралы сертификат
- гигиеналық (санитариялық-эпидемиологиялық) қорытынды

8-схеманы бірлі-жарым бұйымдарды сертификаттау үшін қолданады.
9-схеманы, егер ұсынылған құжаттар бойынша өнімнің қауіпсіздігі туралы пайымдайтын болсақ, өз қажеттіліктері үшін шағын көлемді топтаманы, өндірісін немесе өндірістік және өзге де объектілерді жабдықтау үшін нысаналы мақсатта сатып алынатын бірлі-жарым өнімді (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнім үшін қолдану ұсынылады.

9-схема бойынша сертификаттау кезінде мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:
- келісімшарт, жүкқұжат немесе шот-фактура;
- жүктің кедендік декларациясы;

Қосымша ұсынылуы мүмкін:
- шетелдік сәйкестік сертификаты (түпнұсқа немесе көшірме);
- өнімнің сапасы туралы куәлік;
- гигиеналық қорытынды;
- өнімді сынақтан өткізу хаттамалары;
- өндірушінің сапа менеджменті жүйесіне берілген сертификат;
- сәйкестік таңбасын пайдалануға берілген лицензия;
 - тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Қазақстанда өндірілген өнім топтамасын сертификаттау кезінде жүкқұжатты, шот-фактураны ұсыну қажет. Қосымша қойма анықтамасы (өнім көлемін растау үшін) ұсынылуы мүмкін.

Қажетті құжаттар:
- Сертификаттау рәсімін өткізуге өтінім (жүктеу);
- Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу шарты (жүктеу);
- Өнім топтамасын сертификаттауға арналған құжаттар тізбесі (жүктеу);
- Тану рәсімін жүргізуге өтінім (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.