direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Сертификаттау

Сертификаттау - өнім (көрсетілетін қызмет) түрінің сапасы мен қауіпсіздігінің аталған өнім (көрсетілетін қызмет) түрі үшін белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен тұрады. Бұл жерде аталған рәсімді өндірушіге және тұтынушыға тәуелсіз ұйымдар – тиісті аккредитациясы бар сертификаттау органы ғана жүзеге асыруға құқылы. Сәйкестікті растаудың өзі жазбаша нысанда, арнайы сынақ зертханалары жүргізетін сертификаттық сынақтардың нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Және солардың нәтижелері бойынша тиісті құжат — сертификат беріледі.

Сертификаттың болуы сату көлемдерінің өсуін айтарлықтай ынталандыра алады және өндірушінің имиджіне оң әсер етеді. Бүгінгі таңда сертификаттау нарықтағы тауарлардың белсенді жылжуына ықпал ететін күрделі маркетингтік құралға әлдеқашан   айналып үлгерген. Қазақстан Республикасында ерікті және міндетті сертификаттау бүгінде барлық деңгейдегі түпкілікті тұтынушының мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін пәрменді нарықтық құралға айналып отыр. Сонымен қатар сертификаттар мен декларациялар тауарлар сатушылар мен қызмет көрсетушілерге ұсынылатын өнімнің сөзсіз сапасын көрсету мүмкіндігін береді. Сертификаттау жүйесінің үшінші функциясы мемлекеттік шекарадан өтетін жүк ағындарымен байланысты импорттық-экспорттық операцияларды реттеуде болып отыр. Және, ең бастысы, сертификаттау экология және адам денсаулығы үшін толықтай қауіпсіз тауарлардың ішкі нарықта өткізілуін қамтамасыз етеді.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган - бұл қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкес міндетті және ерікті сертификаттар берумен айналысатын уәкілетті ұйым.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы Сізге мынадай өнім түрлерінің сәйкестігін растау саласындағы қызметтерді ұсынады:

- жол материалдары;
- автокөлік құралдары;
- электротехникалық өнімдер;
- мұнай өнімдері;
- жиһаз;
- ағаш өңдеу тауарлары;
- жеңіл өнеркәсіп (мата, киім, аяқ киім және т.б.);
- парфюмерлік-косметикалық және тұрмыстық химия тауарлары;
- металлургиялық өнімдер;
- машина жасау,
- теміржол өнімдері.

Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау:
- автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Менеджмент жүйелерінің ҚР СТ ИСО 9001:2009 талаптарына сәйкестігін растау

Өнімдерді сертификаттау тәртібі

1.Сертификаттау рәсімін өткізуге өтінімдер беру:
1.1.Өтінім беруші өтінімін «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО-на жолдайды, онда міндетті түрде мыналар көрсетіледі:
- өнімнің атауы;
- соларға сәйкестікті растау жүргізілетін нормативтік құжаттардың атауы;
- сертификаттау схемасы.

2.Сәйкестікті растау рәсімін өткізуге өтінім бойынша шешімдер қабылдау:
2.1. «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО өтінімді қарайды, оны алғаннан кейін өтінім берушіге сертификаттау жүргізуге өтінім бойынша шешім жолдайды.
2.2. Оң шешілген жағдайда, «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО шешіммен бірге сертификаттау жүргізуге өтінім бойынша өтінім берушіге шарт жобасын жолдайды.
2.3. Өтінім беруші мен «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО шарт жасасып, Өтінім беруші сертификаттау бойынша жұмысқа төлем жүргізеді*.
* Мәлімделген өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды сәйкестікті растау бөлімі өтінім берушіден рәсімделген шартты алғаннан кейін және оның талаптарына сәйкес төлем жүргізген соң орындайды.

3.Үлгілерді іріктеп алу, сәйкестендіру және оларды сынақтан өткізу:
3.1. Сәйкестікті растау бөлімі, егер бұл таңдап алынған сертификаттау схемасында көзделсе өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады және жасалған шарт талаптарымен оны сынақтан өткізеді.
Сынақтар төмендегідей өткізілуі мүмкін*:
- «Жаңабет» фирмасы» ЖШС сынақ зертханасымен;
- өндіруші кәсіпорында бір мезгілде оны қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізумен бірге;

4.Алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау, сәйкестік сертификатын беру.

Өтінім берушілер үшін сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі қысқаша ақпарат
ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіндегі өнімді сертификаттау схемалары (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.