direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау

Топтамамен шығарылатын өнімге сертификаттау жүргізу рәсімін өнімді үздіксіз шығаратын кәсіпорындарға жүргізу ұсынылады. Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде сертификаттаудың екі схемасын: екінші және үшінші схеманы қолданады. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімдерді сертификаттау кезінде немесе жекелеген келісімшарттар бойынша топтамалық өнімді ұдайы жеткізу кезінде қолдануға болады. 3-схеманы өндіріс тұрақтылығы күмән туғызбайтын топтамалық өнмді сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.

Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1. Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау рәсімін жүргізуге өтінімдер беру:
1.1.Өтінім беруші өтінімін «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО-на жолдайды, онда міндетті түрде мыналар көрсетіледі:
 - өнімнің атауы;
 - соларға сәйкестікті растау жүргізілетін нормативтік құжаттардың атауы;
 - сертификаттау схемасы.

2. Өтінім бойынша СРО-ның шешім қабылдауы;

3. Шарт жасау және өтінім берушінің сертификаттау бойынша жұмыстарға төлем жүргізуі.

4. Сынақтар жүргізу үшін үлгілерді сәйкестендіру және іріктеп алу.

5. Іріктеп алынған үлгілерді зертханалық сынақтар.

6.   Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау рәсімін жүргізу үшін «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО өндіріс орнында өтінім берушімен келісілген мерзімдерге сәйкестендірілетін өндіріс жағдайына талдау жүргізу үшін комиссия құрады.

7. Алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау, сәйкестік сертификатын беру.
7.1. «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО сынақ өткізу хаттамаларын, өндіріс жағдайын талдау нәтижелері туралы актіні талдаудан, сертификатталатын өнімнің сәйкестігі туралы басқа құжаттарды, сондай-ақ сертификаттау жүргізуге өтінімге қоса берілген материалдарды, ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді талдаудан кейін шығарылатын өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Осы бағалау нәтижелерін сәйкестік сертификатын беру туралы (беруден бас тарту туралы) немесе жетпей тұрған сынақтар және қажетті түзету іс-шараларын өткізу туралы шешімде   көрсетеді.

8. Сәйкестік сертификатын беру туралы шешімнің негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын рәсімдейді.

9. Шығарылатын өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелері теріс болған кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім берушіге себептерін көрсете отырып сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы шешімді жолдайды.

10. Егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе, топтамамен шығарылатын өнімге инспекциялық бақылау жылына бір рет жүргізіледі.

Қажетті құжаттар:
- Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау рәсімін жүргізуге өтінім (жүктеу);
- Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу шарты (жүктеу);
- Топтамамен шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде қажетті құжаттар тізбесі (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.