direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Жеңіл өнеркәсіп зертханасы

Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі болып табылады және экономикада елеулі орын алады. Қазіргі бәсекелестік жағдайында өндірушілер тұтынушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өз қнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға тырысады.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС жеңіл өнеркәсіп зертханасы Кедендік одақтың стандарттарының, техникалық регламенттерінің, техникалық шарттар мен өнімге берілетін басқа да құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтары, материалдары бар.

Сынақтар тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сертификаттау және декларациялау рәсімдері үшін нормативтік құжаттарға сәйкестігін бірдейлендіру және растау мақсатында жүргізіледі.

Жеңіл өнеркәсіп зертханасы өнімді зертханалық сынақтан өткізудің мынадай түрлерін өткізеді:

• балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер;
• трикотаж, тігін бұйымдары;
• былғары және одан дайындалған бұйымдар;
• тері және одан дайындалған бұйымдар;
• тоқыма материалдар;
• тоқыма-галантерея бұйымдары;
• кілем төсемдері;
• іш киім және корсет бұйымдары;
• төсек-орын жабдықтары;
• шұлық-нәски бұйымдары;
• трикотаж қолғап бұйымдары;
• бас киімдер;
• су шомылу киімдері;
• механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (костюмдер, пальто, плащтар, алжапқыштар);
• аяқты жеке қорғау құралдары;
• қолды жеке қорғау құралдары;
• сәнді және күнделікті киетін аяқ киімдер;
• шаруашылық тұрмыстық тауарлар;
• ойыншықта.

Қажетті құжаттар:
Өтінім, шарт, үлгілерді қабылдау актісі (жүктеу)

Please publish modules in offcanvas position.