direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Сәйкестік туралы декларация

Сәйкестік туралы декларация  – өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын өнім берушінің (өндірушінің, сатушының) белгіленген нысандағы құжаты. Сәйкестік туралы декларация және сәйкестік сертификаты бірдей заңды күші бар және бірдей рәсімделеді.

Декларация нақты өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнімдер тобына қатысты қолданылуы мүмкін.
Декларация аталған өнімнің жоспарланған шығару мерзімі немесе өнім топтамасын өткізу мерзімі, бірақ бір жылдан аспайтын мерзім негізінде өнім беруші (өндіруші, сатушы) белгілейтін мерзімге қабылданады.

Өтінім беруші қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда өнімнің сәйкестік туралы декларация талаптарына сәйкестігін растай алады. Өтінім беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация сәйкестікті растау жөніндегі органда тіркеуге жатады. Тіркеуге жолданатын сәйкестік туралы декларацияға мыналар қоса беріледі:

1) тіркеу туралы өтініш;
2) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) өнімдер өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндіріс тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);
4) өтінім берушінің сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың (аккредиттеу аттестаттарының немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың) көшірмелері немесе өнім өндірудің технологиялық процесінде және оған арналған нормативтік құжаттарда көзделген сынақтар жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Тіркеу туралы өтінішті қараудың оң нәтижелері бойынша «Жаңабет» фирмасы» ЖШС СРО сәйкестік туралы декларацияны тіркейді, теріс болған кезде – өтінім берушіге өнімнің онда белгіленген талаптарға сәйкессіздігі туралы немесе олар өндірген өнімнің Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде көзделген схемалардың бірі бойынша сертификаттау туралы хабарлайды. Сәйкестік туралы декларация Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізілімінің арнайы бөлімінде тіркеледі және өтінім берушіге жолданады. Сәйкестігі сәйкестік туралы декларациямен расталған өнім сәйкестік таңбасымен таңбаланбайды, сәйкестікті растау жөніндегі орган инспекциялық бақылау жүргізбейді.

Қажетті құжаттар:
- Сәйкестік туралы декларацияны алуға өтінім (жүктеу);
- Шарт (жүктеу);

Please publish modules in offcanvas position.