direction Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе email Zhanabet@mail.ru phone 7 (7172)20-35-18 instagram zhanabet.ast

zg

Жеңіл өнеркәсіп зертханасы

Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі болып табылады және экономикада елеулі орын алады. Қазіргі бәсекелестік жағдайында өндірушілер тұтынушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өз қнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға тырысады.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС жеңіл өнеркәсіп зертханасы Кедендік одақтың стандарттарының, техникалық регламенттерінің, техникалық шарттар мен өнімге берілетін басқа да құжаттардың талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтары, материалдары бар.

Сынақтар тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сертификаттау және декларациялау рәсімдері үшін нормативтік құжаттарға сәйкестігін бірдейлендіру және растау мақсатында жүргізіледі.

Жеңіл өнеркәсіп зертханасы өнімді зертханалық сынақтан өткізудің мынадай түрлерін өткізеді:

• балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер;
• трикотаж, тігін бұйымдары;
• былғары және одан дайындалған бұйымдар;
• тері және одан дайындалған бұйымдар;
• тоқыма материалдар;
• тоқыма-галантерея бұйымдары;
• кілем төсемдері;
• іш киім және корсет бұйымдары;
• төсек-орын жабдықтары;
• шұлық-нәски бұйымдары;
• трикотаж қолғап бұйымдары;
• бас киімдер;
• су шомылу киімдері;
• механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (костюмдер, пальто, плащтар, алжапқыштар);
• аяқты жеке қорғау құралдары;
• қолды жеке қорғау құралдары;
• сәнді және күнделікті киетін аяқ киімдер;
• шаруашылық тұрмыстық тауарлар;
• ойыншықта.

Қажетті құжаттар:
Өтінім, шарт, үлгілерді қабылдау актісі (жүктеу)

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығымен жұмыс істеудің 7 себебі

1. ҚР СТ ISO/ IEC 17025 «Сынақ және іріктеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына толық сәйкес келеді, бұл автоматты түрде енгізілген сапа менеджменті жүйесінің болуына кепілдік береді және сынақ жүргізу нәтижелерінің дәлдігі мен қайта жүргізілуінің кепілі болып табылады.

2. Аккредиттеудің кең саласы. «Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығы оның қызмет саласына сәйкес әртүрлі материалдар мен өнімдерге зертханалық сынақтар жүргізе алады.

3. Саналы бағалар.

4. Құрылыс объектілерінің зертханалық сүйемелденуін қамтамасыз етеміз. Қажет болған кезде, сынақ жүргізу үшін, тікелей жаңа құрылыс орнында сынамаларды іріктеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу немесе реконструкциялау, жодар салу үшін объектілерге барамыз.

5. Зертханалық сынақ нәтижелерінің уақтылы берілуіне кепілдік береміз, бұл шартта көзделген.

6. Сынақ орталығы соңғы үлгідегі техникмен жабдықталған. Сынақ жүргізу, өлшеу процестері және нәтижелерді бағалау барынша автоматтандырылған. Барлық жабдық уақтылы тексеруден өтеді.

7. Көпжылдық тәжірибесі бар мамандар. Барлық қызметкерлер өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады, салалық семинарлар мен конференцияларға қатысады. Сынақ орталығының мамандары бұзылмайтын бақылау әдісі бойынша бірінші және екінші біліктілік деңгейлеріне аттестатталған. Бұл бізге әртүрлі өнімдер мен жабдықтарға жоғары техникалық деңгейде, сынақ жүргізу, өлшеу және нәтижелерді бағалау процестерін автоматтандырудың жоғары деңгейінде электрлі, климаттық, механикалық, температуралық, арнайы және басқа да сертификатталған сынақтар жүргізудің кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік береді.

«Жаңабет» фирмасы» ЖШС Сынақ орталығын таңдаңыз, сонда Сіз көп уақытыңызды үнемдеп, қызметтердің жоғары сапасы мен кепілдендірілген нәтижеге қол жеткізесіз

Please publish modules in offcanvas position.