Астанада өнім партиясын сертификаттау / сәйкестік сертификаты
Перейти к содержимому
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абылай хан даңғ. 51, 1-кенсе
info@zhanabet.kz
+7 (7172) 203 518
Картинка

Өнімдер топтамасын сертификаттау

Өнімдер топтамасына сәйкестік сертификатын мына жағдайларда алу қажет:

  • өнімдер топтамасын ҚР аумағына әкелген кезде;
  • шығарылған өнімді сертификаттау кезінде;

Өтінім берушіде оның сапасын растайтын өнім топтамасына арналған құжаттары болмаған кезде, сертификаттау 7-схема бойынша, яғни, аккредиттелген зертханада зертханалық сынақтар өткізу арқылы жүргізіледі.

Импорттық өнім топтамасын 7-схема бойынша сертификаттау кезінде өтініммен бірге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • келісімшарт, жүкқұжат немесе шот-фактура;
  • жүктің кедендік декларациясы;
  • өнімнің (тауардың) шыққан жері туралы сертификат
  • гигиеналық (санитариялық-эпидемиологиялық) қорытынды

8-схеманы бірлі-жарым бұйымдарды сертификаттау үшін қолданады. 9-схеманы, егер ұсынылған құжаттар бойынша өнімнің қауіпсіздігі туралы пайымдайтын болсақ, өз қажеттіліктері үшін шағын көлемді топтаманы, өндірісін немесе өндірістік және өзге де объектілерді жабдықтау үшін нысаналы мақсатта сатып алынатын бірлі-жарым өнімді (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнім үшін қолдану ұсынылады.

9-схема бойынша сертификаттау кезінде мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:

  • келісімшарт, жүкқұжат немесе шот-фактура;
  • жүктің кедендік декларациясы;

Қосымша ұсынылуы мүмкін:

  • шетелдік сәйкестік сертификаты (түпнұсқа немесе көшірме);
  • өнімнің сапасы туралы куәлік;
  • гигиеналық қорытынды;
  • өнімді сынақтан өткізу хаттамалары;
  • өндірушінің сапа менеджменті жүйесіне берілген сертификат;
  • сәйкестік таңбасын пайдалануға берілген лицензия;
  • тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Қазақстанда өндірілген өнім топтамасын сертификаттау кезінде жүкқұжатты, шот-фактураны ұсыну қажет. Қосымша қойма анықтамасы (өнім көлемін растау үшін) ұсынылуы мүмкін.

Қажетті құжаттар:

  • Сертификаттау рәсімін өткізуге өтінім (жүктеу)
  • Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу шарты (жүктеу)
  • Өнім топтамасын сертификаттауға арналған құжаттар тізбесі (жүктеу)
  • Тану рәсімін жүргізуге өтінім (жүктеу)